RU
Атырауда колледждің 20 студенті ащы газбен уланып, ауруханаға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда колледждің 20 студенті ащы газбен уланып, ауруханаға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

23 мамырда, Атырау сервис колледжінде 20 студент белгісіз газбен уланып қалды. Зардап шегушілердің барлығы жәрдем көліктерімен қалалық ауруханаларға жеткізілген деп хабарлайды Ақжайық.

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ

"Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы" КМҚК бас дәрігері Ерлан Сүйеуғалиевтің сөзінше, алғашқы шақырту сағат 13:27-де түскен.

Оқиға орнына барған фельдшерлер жаппай улану екенін хабарлап, білім ордасына тағы бірнеше бригада жіберілген. Сөйтіп жедел жәрдемнің 12 бригадасы шұғыл көмек көрсеткен.

"Оқиға орнына оттегі әкелінді. Қазір ғимаратта біздің фельдшерлер қалған студенттердің жағдайына бақылау жасауда. Облыстық ауруханаға 19 студент, №2 облыстық ауруханаға (жұқпалы аурулар) 1 студент жатқызылды. Зардап шегушілердің көпшілігінде улану белгілері тұншығу, жөтел, көздің қарауытуы түрінде білінген", - дейді Ерлан Сүйеуғалиев.

Колледж медбикесі Бәтима Жүнісованың айтуынша, газдан улану 5-ші сабақтан кейін басталған. Уланғандардың көпшілігі үзілісте дәлізде жүрген балалар екен.

Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Аманжол Сағынғалиетің барлық пациенттердің жағдайы тұрақты екенін, бірақ кейбір студенттердің ауруханада түнеп қалатындарын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, осы колледждің 17 жастағы студенті дәлізге ащы газ баллонын шашқан.

Бұзақыға қатысты 293-баптың 1-тармағы (Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұдан басқа, бірнеше зардап шегушінің жансақтау бөліміне жатқызылғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel