RU
Ер адам әжетханада кішкентай қыздарға тиісті: MEGA Alma-ata оқиғаға қатысты пікір білдірді

Ер адам әжетханада кішкентай қыздарға тиісті: MEGA Alma-ata оқиғаға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз ер адам әжетхана бөлмесінде кішкентай қыздарға тиіскен. Сауда орталығының әкімшілігі оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/mega_center

Фото: instagram.com/mega_center

Құрметті келушілер, көпшілігіңіз MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз азаматтың әжетханада кішкентай қыздарға тиіскені туралы хабарлама алған боларсыздар. Әйелдер әжетханасындағы кабинкаға екі қыздың артынан ер адамның кіріп кеткені - шындық. Бір бүлдіршін қашып кетіп, анасын көмекке шақырған. Әйел адам сауда орталығының күзет қызметіне жүгінді" , - деп жазылған орталықтың ресми Instagram парақшасында.

Оған қоса, хабарламада күдіктіні орталықтың күзет қызметі тұтқындап, құқық қорғау органдарына табыстағаны айтылды. Қазіргі таңда, күдікті қамауда отыр. Кішкентай қыздардың ата-анасы полицияға арыз жазды. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

"Баршаларыңызға күдікті адамдарды байқап қалсаңыздар дереу түрде күзет қызметіне немесе орталықтың кез келген өкіліне хабар берулеріңізді сұраймыз" , - деп жазды сауда орталығының өкілдері.

Сіздің реакцияңыз
5
7
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel