RU
"Өздері шешсін": Серік Сәпиев Головкин мен Елеусіновтің дауына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Өздері шешсін": Серік Сәпиев Головкин мен Елеусіновтің дауына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Серік Сәпиев Данияр Елеусіновтің Геннадий Головкин андеркардына қатыстырылмай қойғаны жөнінде пікір білдірді. Cпорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы отандық боксшылар арасындағы дауға қатысты ойымен елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында бөлісті деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Мен кәсіпқой бокстың барлық мән-жайын білмеймін. Спортшыларды жекпе-жектер тізімне қалай қосатынын аздап білемін. Бұл олардың қарым-қатынастары, өздері шешсін. Мен Даниярды неге қоспай қойғанын білмеймін. Бәлкім белгілі бір жағдайлар бар шығар. Бұл мәселе тек Головкин мен Елеусіновке қатысты. Мүмкін қандай да бір ішкі жағдайлар себеп болған шығар. Журналистер бәрін жазады ғой. Бірақ, Головкин мен Елеусінов айтқысы келмей жатқан бір дұние бар шығар" , - деді Сәпиев.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel