RU
Сұлулығымен талай адамды тамсандырған егіз қыздар туралы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сұлулығымен талай адамды тамсандырған егіз қыздар туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Лиа мен Ава Клементс сұлулығымен әлем жұртшылығын мойындатқан. Тоғыз жасар егіздер бүгінде өздерін сәнқой кәсіпте танытып жүр. Әлемдік деңгейдегі брендтермен жұмыс істеп жүрген арулар көпшілікті ерекше келбетімен баурап алған деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүлдіршіндер 2010 жылы дүние келген. Олар сәби күнінен жұрт назарында жүрді. Егіздерді көрген жандар қыздардың сәнгер болуы керек екенін алға тартатын. Себебі Лиа мен Аваның ерекше сұлулығы көзге көрініп тұратын.

Егіздердің анасы Джеки айналадағылардың сөзіне құлақ асып, жарты жылдан соң Лос-Анжелестегі сәнқой агенттіктердің бірімен келісім-шартқа отырды.

Алайда әйел адамның қыздардан бөлек екі жасар ұлы болғандықтан, ол сәнқой кәсіпті қатар алып жүре алмайтынын түсінген.

Қыздар жеті жасқа келгенде ғана Джеки оларға сәнқой болуға рұқсат берген. Ол уақытта егіздер жүзумен және бимен айналысқан.

Дәл осы кезде егіздердің анасы қыздардың болашағы үшін қамдана бастаған.

Сұлуларды жұмыспен қамтамасыз етіп отыратын арнайы агенттерді жалдап, түрлі түсірілімдерге апара бастайды.

2017 жылы шілді айында Джеки қыздардың атынан Instagram парақшасын ашқан.

Қыздардың сұлулығына тәнті болған желі қолданушылардың саны толастамады. Бүгінде егіздердің парақшасын 1,3 миллион адам бақылап отырады.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
2
0
44
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel