RU
Потап пен Настя Каменских үйлену тойларын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Потап пен Настя Каменских үйлену тойларын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Украиналық әншілер Потап пен Настя Каменских шаңырақ көтерді. Бұл туралы әнші арудың өзі Instagram парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жұптың неке қию рәсімі 23 мамыр күні болған.

Настя ұзақ уақыт бойы сезімдерін жасыру туралы шешімін қолдағаны үшін, қарым-қатынастарын "сырт көзден, сөзден, постардан" қорғағаны үшін жары Потапқа алғысын айтты.

"Табынушыларымызбен сезімдеріміздің бөлісетін кез келді. Бүгін әрбір ғашық жұп күтетін ерекше, бақытты күн. Бақытымызбен сіздермен қуана бөлісеміз. Осы сәтте бізбен болғандарыңыз үшін рақмет", - деп жазды әртіс неке көйлегінде тұрған суретінің тұсына.

Кейін фанаттардың Instagram парақшаларында әртістердің неке тойларынан видео тарады.

Видеодан ерлі-зайыптылардың би билеп, торттан ауыз тигенін байқауға болады.

Әртістердің тыңдармандары оларды құттықтауға асыққан. Кейбірі тіпті бұрыннан олардың қосылуларын армандағанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel