RU
Илья Ильин: Бұрынғы Илья қайта оралмайды

Илья Ильин: Бұрынғы Илья қайта оралмайды

Рассказать Вконтакте

Ауыр атлет Илья Ильин Vesti.kz-ке берген көлемді сұқбатында спортқа қайта оралу мен Токиодағы 2020 Oлимпиадасына дайындықтың қалай жүріп жатқанын және мансабын аяқтау мүмкіндігі туралы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Илья Ильин спорттағы мансабын аяқтайтыны туралы 2016 жылы наурыз айында хабралаған болатын. Ол кезде спортшының айналасында допинг-дау болған. Ильин екі жыл қатарынан жаттықпаған.

"Соққы маған психологиялық тұрғыдан ауыр тиді. Жұмысымды, мансабымды, шаруамды алып кетті. Не істеріңді де білмейсің. Ауыр болды. Қалпыма әзер келдім. Ештеңе етпейді", - деп еске алды зілтемерші.

2018 жылы ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы ұзақ үзілістен кейін тұғырға қайта оралды. Қазір спортшы 2020 жылы жапон астанасында өтетін Олимпиадаға белсенді түрде дайындалуда.

Спортшының сөзінше, ол командамен бірге жаттығуларға түрлі сынақтар жасап, басқа жүйемен жұмыс істеп жатыр.

"Мен жанкүйерлер сол баяғы Ильинді енді көрмейді деп ойлаймын. Уақыт өтеді, бәрі өзгереді. Алайда әлем чемпионатына дейін жақсы көрсеткіштер болады", - деген сенімде спортшы.

Ауыр атлет Токиодағы Олимпиадада жұлқа көтеруде әлемдік рекорд орнатқысы келетінін мойындады, алайда ол өз мүмкіндіктеріне сенімді емес.

Осыдан кейін спортшы мансабын түбегейлі аяқтауды жоспарлап отыр.

"Білім алып, жұмысқа тұрғым келеді. Мәселен, менеджер болып. Әзірге бұл әңгіме ашық түрде қалсын. Алайда мансабымды аяқтайтыным 80 пайыз. Әлемде және менің өмірімде қызықты шаруалар өте көп. Мансапты ары қарай жалғастырсам, қателік жасайтын секілдімін", - деп шешімін түсіндірді Илья Ильин.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel