RU
"Кет құры": Ауыл тұрғынымен жанжалдасқан ақтөбелік әкімнің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

"Кет құры": Ауыл тұрғынымен жанжалдасқан ақтөбелік әкімнің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылының әкімі Әлібек Мұстафин ауыл тұрғынын балағаттағаны үшін сотқа тартылды. Шенеунікті сот кінәлі деп тапқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сот материалдарында 9 мамыр күнгі салтанатты шарада ардагер мен ауыл әкімінің сахнада дауласқаны айтылады.

"Әлішер Мұстафин соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында тұрғын Иван Аржинтті балағаттап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Тұрғын құттықтау сөз айтып тұрған ауыл әкімінен ардагер ретінде сөз беруін сұрайды. Әкім ардагер еместігін айтқанымен тұрғын ел алдында сөз алған. Сөзін аяқтаған тұрғынды саябақтың кіреберісіне апарып, араларында жанжал туындаған, бір-біріне былапыт сөздер айтқанын көрсетті", - делінген іс материалында.

Сот қаулысымен әкімшілік жауапқа тартылған әкімге 12 625 теңге айыппұл төлеу міндеттелді. Шешіммен келіспеген ауыл әкімі тағы да сотқа арыз түсіретінін айтады.

"Мен тек кет құры" деп айттым. Ол балағат сөз емес. Сот қаулысымен екеумізге де 5 айлық көлемінде айыппұл салынды. Келіспеймін, тағы да арыз түсіремін", - дейді Абай ауылының әкімі Әлібек Мұстафин.

Шенеуніктің әкім болғанына 1 жыл ғана болған. Ал әкіммен дауласқан ауыл тұрғыны Семей ядролық полигоны ардагері.

Сіздің реакцияңыз
8
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel