Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоқан Маратұлы әйелі мен қызын перзентханада шығарып алды (фото)

Опубликовано:

17 мамыр күні екінші мәрте әке атанған Шоқан Маратұлы әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды. Қызды болған әнші әйелін гүл шоқтарымен көмкеріп, үйін нағыз ертегідегідей безендіріп қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/Stories/anelya_batalova_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/Stories/anelya_batalova_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

"All Давай" әншісінің қуанышты сәтімен оның туған әпкесі Рано Умарова әлеуметтік желіде бөліскен. Ол өзінің Instagram парақшасында атаулы күнде жасалған суреттерді жариялаған.

Шоқанның жұбайы жолдасына ыстық ықыласы үшін алғысын білдіріп, оның тарту еткен сыйлықтарын көрсетті. Оған қоса, перзентханадан шыққан күнгі суреттерден Анеля Баталованы анасы мен туған інісі құттықтап келгенін аңғаруға болады.

Фото: Instagram/Stories/anelya_batalova_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/Stories/anelya_batalova_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Айта кетейік, бұған дейін Шоқан Маратұлы мен Анеля Баталованың екінші әрте ата-ана атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795720-sokan-maratly-jeli-men-kyzyn-perzenthanada-sygaryp-aldy-foto/

pixel