Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келіншек мүгедек баласы үшін халық жинап берген ақшаны өз мүддесіне жұмсаған

Опубликовано:

Белгісіз әйел адам Instagram-дағы anonymous_forum парақшасына танысы жайлы жазып, жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, келіншек әлеуметтік желілер арқылы баласының еміне халықтан ақша сұрап, қолына тиген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: steveplayer.com
Фото: steveplayer.com: UGC

Әйел адамның сөзінше, танысы емдеуге келмейтін баласы үшін халықты алдап, олардың ақшасын жымқырып жүр. Жұрттың жинап берген қаражатына келіншек үй алып, түнгі клубтарға барыпты.

"Танысым жалғыз басты ана. Оның баласы емдеуге келмейтін туа біткен мүгедек. Мемлекеттен жәрдемақы алып отыр. Сонда да әйел әлеуметтік желілер арқылы халықтан көмек сұрайды. Әрине, олар өз кезегінде қол ұшын беруге тырысады. Алайда танысым ол қаражатты баласына емес, өз қажеттіліктеріне жұмсап жүр".
"Әйел анасына пәтер әперіп, несиелерін жапты. Одан қалса келесі күні түнгі клубқа барып, сайраң салып жүр. Жақында тағы әлденеге ақша керек болып, қайтадан әлеуметтік желілерде қайта көмек сұрап, үндеу жолдады. Мүмкін мен бірдеңені түсінбейтін шығармын. Мүкін ол іштей құса болатын да шығар...Бірақ түріне қарап олай айтуға да келмейді. Өз-өзін күтеді, өте көңілді жүреді. Балаға бұл ақшадан ештеңе келіп-кеткен жоқ, алайда анасы қалтасын қалыңдатып алды" , - деп жазды әйел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795726-kelinsek-mgedek-balasy-sin-halyk-zinap-bergen-aksany-z-mddesine-zmsagan/

pixel