RU
25 жасқа толған Димашты отандық әншілер жарыса құттықтауда (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

25 жасқа толған Димашты отандық әншілер жарыса құттықтауда (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгін қазақтың атын әлемге танытқан қайталанбас әнші Димаш Құдайберген 25 жасқа толды. Талайды таңдай қақтырған талантты жекеменшік мерекесімен отандық әншілер жарыса құттықтауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Олардың арасында Майра Мұхамедқызы, Ұлықпан Жолдасов, Ләйлә Сұлтанқызы бар.

Қанат-Света Аятбаевтардың отбасылық досы болып келетін Жолдасов Димаштың суреттерінен шағын видео ролик жасап, оның әлемді бағындыруына тілектестік білдірген.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасына осыдан екі жыл бұрын Димаш Құдайбергенмен түскен суретін жариялады.

"Галереяны ақтарып, күшті сурет тауып алдым. Осыдан 2 жыл бұрын түскен сурет-ау деймін. Қазір осы әннің құдіреті бүкіл әлем назарын бізге аударды. Дәл осыны миллиардтармен де сатып ала алмайсың. Димаштың феноменін миллион рет зерттесе де өзгелер таба алмайтын шығар.
Ал қазаққа ол түсінікті. Өйткені біз оны баламыздай, бауырымыздай, ең жақын туысымыздай, досымыздай жақсы көреміз, сүйеміз, құрметтейміз және ол да бәрімізді солай жақсы көреді. Керемет! Ата-анаңа рахмет! Туған күніңмен, Димаш", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

"Келіп жеткен 25 жасың құтты болсын! Туған күніңмен, Димаш! Саған мықты денсаулық тілеймін. Қалғанның бәрі бар сенде! Тек тіл-көз бен сөзден, Аллам сақтасын! Қайда жүрсеңде, аман жүр!
Әрқашан сағынысып, саxна төрінде көріселік! Сенің әр басқан қадамың, қуанышың - менің қуанышым! Қазақ xалқының қуанышы! Сайрай бер! Самғай бер! Қанатың талмасын", - деп жазды Майра Мұхамедқызы.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel