RU
Данияр Елеусіновтің жаңа қарсыласы анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Елеусіновтың жаңа қарсыласы анықталды

Рассказать Вконтакте

Данияр Елеусіновтің жаңа қарсыласы белгілі болды. Күні кеше Мигель Алонсомен кездеспейтіні анықталған отандасымызға енді 27 жастағы чилилік боксшы қарсы шықпақ деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Данияр Елеусіновтің 25 мамырға жоспарланған жекпе-жегі АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Оксон Хилл қаласында өтетін болады.

Боксшының қарсыласы чилилік Луис Норамбуэна. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Елеусіновтің менеджерінің сөзінше, Мэриленд атлетикалық комиссиясы қазақстандық боксшының тарабы таңдаған мексикалық Мигель Замудионы қатыстырмай қойған.

Зия Алиев комиссия чилилік боксшы соңғы жекпе-жегін оныншы мамырда өткізгеніне қарамастан оған жекпе-жекке қатысуға рұқсат бергенін алға тартты.

Луис Норамбуэна жақында шаршы алаңға шыққандықтан Елеусіновпен болатын жекпе-жегі алты раундқа созылмақ.

Айта кетейік, 23 мамырда Данияр Елеусінов пен Мигель Алонсо арасындағы кездесудің болмайтыны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel