Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мейрамбекке кім ғашық болмады": Сәдуақасованың жаңа клипі жұртты сүйсінтті

Опубликовано:

Жуырда жарық көрген Мадина Сәдуақасованың бейнебаяны жұрттың көңілінен шықты. Оның басты себеперінің бірі, клипте отандық эстрада жұлдызы Мейрамбек Беспаев бой көрсеткені деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: tilda.ws, apkpure.com
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: tilda.ws, apkpure.com: Twitter

Бейнебаян желісі бойынша танымалдылыққа ие болған ару білім алған сәттерін еске алады.

Ол жастайынан Мейрамбек Беспаевтың суреттерін қабырғаға іліп, болашақтан үлкен үміт күтеді. Осылайша, бенйебаян соңында сүйікті әншісімен бірге студияда бой көрсетеді.

Бұл бейнебаянды көрген жұрт Мадинаның даусына таң қалған. Халық арасында Мейрамбектің жас кезі мен оған ғашық қыздар туралы айтқандар та табылды.

"Мейрамбекке кім ғашық болмады?", "Мадинаның даусын тыңдасам, демаламын. Өте әдемі, балалық шақ еске түсті", "Мейрамбектің өнеріне ғашық болмаған адам кемде-кем шығар", "Мейрамбекті кім жақсы көрмейді дейсің", "Жанға жайлы ән екен", "Керемет", "Сол заманның қыздарының юәрі Мейрамбекке ғашық болған ғой"- деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795766-mejrambekke-kim-gasyk-bolmady-sduakasovany-zaa-klipi-zrtty-sjsintti/

pixel