RU
ЕЛ: Армениялық футболшы Бакуде өтетін финалға қатысудан бас тартты
Жаңалықтар Спорт

ЕЛ: Армениялық футболшы Бакуде өтетін финалға қатысудан бас тартты

Рассказать Вконтакте

"Арсенал" футбол клубының ойыншысы Генрих Мхитарян командасының финалдық ойнына қатысудан өз еркімен бас тартты. Армениялық футболшы Бакуде өтетін ақтық сынға саяси тұрғыдан, армян-әзірбайжан қақтығысы салдарынан бармайтынын жеткізді деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: championat.com

Фото: championat.com

Генрих Мхитарян Еуропа лигасының финалына қатыспайтыны жөнінде бірініш болып өз әріптестерін хабардар етті. Қызығы, "Арсенал" ойыншылары сапындағы мықты ойыншының бұл шешімін түсіністікпен қарсы алып, оны толықтай қолдайтынын жеткізген.

Маңызды мәлімдемесін армениялық футболшы командасының жаттығуы кезінде айтқан. Онымен бірге өнер көрсететін аяқдопшылар бұл жаңалықты күткендей, бірден оған қолшапалақтап қолдады.

Айта кетейік, Мхитарян финалдық ойынның дәл Әзірбайжан астанасында өтетіндігі салдарынан қатыспай жатыр. Футболшының шешіміне саяси жағдайлар себепші болған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel