RU
Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде

Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

МҚІСЖҚІА Қазақстан Республикасы Ұлттық тестілеу орталығының басшылығы тарапынан болған парақорлықтың жолын кесу сызбасы туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: gcexpress.ru

Көрнекі фото: gcexpress.ru

Хабарланғандай, Ұлттық тестілеу орталығын 2016 жылы басқарған бұрынғы бас директордың міндетін атқарушы тоғыз млн теңгеге бағаланатын жаңа "Тойота Камри" көлігін пара ретінде алды деп күдіктелуде.

Пара орнына басшы мемлекеттік сатып алу кезінде белгілі бір компаниялардың мүдделерін жақтауы тиіс болған.

Көлік тәркіленіп, күдікті қамауға алынды. Сот алды тергеу жұмыстары тездетілген режимде жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, тағы бір тергеу жұмыстары Ұлттық тестілеу орталығын 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін басқарған бас директорге қарсы басталған.

Басшы 2017-2018 жылдары жүйелі түрде ірі көлемдегі пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel