Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық бюро: Нұр-Сұлтан әуежайының бас есепшісі 1 млрд жымқырып, пара берген

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда әуежайдың бас есепшісі бірнеше миллион пара берді және бір миллиардтан астам теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Оның әрекеттерін Ұлттық бюро қызметкерлері әшкереледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан әуежайының бас есепшісі 1 млрд жымқырды және пара алды деген күдікке ілінді
Көрнекі сурет: Rodina.news: Facebook

Бас есепші Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне 16 миллион теңге құрайтын пара берді деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ оған 1,3 миллиардтан аса ақшаны қолды етті деген айып тағылды.

Бұл қаржыны ол жалған келісімшарттардың көмегімен фирмалардың есепшоттарына аударып отырған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795785-lttyk-buro-nr-sltan-uezajyny-bas-esepsisi-1-mlrd-zymkyryp-para-bergen/

pixel