RU
"Өзіміз ғой": Ақтөбелік шенеунік пара беруге құмар азаматтарды айыптады
Жаңалықтар Қоғам

"Өзіміз ғой": Ақтөбелік шенеунік пара беруге құмар азаматтарды айыптады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының жемқорлыққа қарсы департаментінің басшысы халықты лауазымды қызметкерлерге пара бермеуге шақырды. Басшы бүгінде шенділерді дәмелендіріп, жаман үйреткен пара берушілермен жұмыс жасап жатқанын жасырған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Расул Медетов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Расул Медетов. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Шектеулі жазамен сотталып, пробация қызметі есебіндегі бостандықта жүрген азамат бейімдеу орталығына келмей қалған.

Осы әрекеті үшін пробация қызметі инспекторының ұялы телефонына бір мың теңге көлемінде бірлік салған. Бұл заңсыз материалдық сыйақы болып табылады.

Тұрғынға ӘҚБтК-нің 676 бабымен құқық бұзушылық жасағаны үшін және пробация бақылау тәртібін бұзғаны үшін сот шешімімен 505 000 теңге айыппұл салынып, бостандықта жүрген жерінен қамалды" , - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов.

Басшының айтуынша, шенділердің пара алуына кейбір жағдайда азаматтар өздері кінәлі.

"Біз осындай жайдан арылуымыз керек. Болмайды. Қарапайым жол полициясын алайық. "Жемқорлар" деп көп айтады.

Өзіміз жол ережесін жиі бұзамыз: қатты жылдамдықпен жүреміз, темекі қалдығын тастаймыз, белгіленбеген жерге тоқтаймыз. Полиция айыппұл салам дегенде көкелеп "өзіміз ғой" деп 2000-5000 теңге ұстатамыз.

Содан кейін "оңбағандар" деп кетеміз. Рас қой? Өткенде ішкі істер органдарымен жұмыс жасадық. 2000-5000 теңге берген адамдарды анықтадық. Енді жарты миллионнан айыппұл төлейді. Біз кейбір жағдайда өзіміз кінәліміз. Сол жағын ойлануымыз керек" , - деді Расул Медетов.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel