RU
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Келес ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қайтыс болды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 23 мамыр күні "Жетісай-Жібек жолы" бойында орын алған.

Полиция қызметкерлері Шымкентке бет алған "Ауди-100" маркалы көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, "Киа" автокөлігіне соғысқанын жеткізді.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, жол апатының салдарынан үш жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір адам ауруханада көз жұмды.

Олар "Киа" маркалы көлігіндегі тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін де айтты.

"Қазіргі таңда аталмыш жайт Келес АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тіркеуге алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Күдікті азамат қамауға алынды", - деді ведомство.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel