RU
Жақында инфаркт алған Касильястың әйелі қатерлі ісікке шалдықты
Жаңалықтар Спорт

Жақында инфаркт алған Касильястың әйелі қатерлі ісікке шалдықты

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана инфаркт алып қалған Икер Касильястың отбасында тағы да жағымсыз жағдай орын алды. Танымал қақпашының әйелі ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды деп хабарлайды spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

35 жастағы Сара Карбонеро қатерлікке ісікке шалдыққан. Бұл жаңалықты испаниялық футболшының жары өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

"Жақында ғана орын алған қорқыныштан әлі толық айығып үлгермедік. Алайда, өмір бізді тағы да бір мәрте таңғалдырды. Бұл жолы жағдай маған қатысты.

Мұны жазу тіпті ауыр мен үшін. Бірнеше күн бұрын дәрігерлер менің аналық безімнен ісікті анықтады. Ота жасап тастады. Бәрі жақсы өтті.

Абырой болғанда, дертті бастапқы кезеңінде анықтадық. Алайда, оған қарамастан маған әлі бірнеше ай бойы күресу керек" , - деп жазды Карбонеро.

Айта кетейік, бұған дейін Икер Касияльястың жаттығу кезінде инфаркт алып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
4
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel