RU
Нұр-Сұлтанда бір мезетте жеті көлік соқтығысып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда бір мезетте жеті көлік соқтығысып қалды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Нұр-Сұлтанда жеті көліктің қатысуымен үлкен жол апаты орын алды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: 24kz

Фото: 24kz

Құқық қорғау органының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болыпты.

Жүк көлік жүргізушісінің кесірінен бағдаршамның жасыл жанғанын күтіп тұрған алты көлік соқтығысып қалған.

Алдымен жүк көлігі алдында тұрған «Газельге» соғылыпты. Ол артынша өз алдындағы темір тұлпарды соққан. Нәтижесінде, соқтығысқан көліктердің саны беске жетті.

Нұр-Сұлтан полициясы жүк көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Оқиғадан басқа ешкім зардап шекпеген.

Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері үлкен апаттың орын алуына не себеп болғанын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel