RU
Тереза Мэй отставкаға кететін болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тереза Мэй отставкаға кететін болды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй өзінің отставкаға қашан кететінін айтты деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тереза Мэй. Фото: Getty Images/Leon Neal

Тереза Мэй. Фото: Getty Images/Leon Neal

Анықталғандай, Консервативтік партияның басшысы өз қызметінен жетінші маусым күні кетпек.

Басылымның хабарлауынша, Тереза Мэй бұл шешімді Brexit бойынша жасақталған жаңа келісімге деген партия мүшелері мен министрлер кабинетінің наразылығы салдарынан қабылдауға мәжбүр болған.

Премьер-министр Дональд Трамппен жоспарланып қойған кездесуді өткізіп үлгереді деп күтілуде.

Тереза Мэйдің отставкасынан кейін, жаңа басшы сайланбақ. Бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Джонсон мен саясаткер Андреа Лидс өзін үміткер ретінде сайлауға қатысуға дайын екенін жеткізген.

Оған қоса, Мэйдің орнын басуға Ұлыбритания СІМ министрі Джереми Хант пен ІІМ басшысы Саджида Джавида да үміткер болуы мүмкін.

Министрлер кабинетінің басшысын сайлау шамамен алты апта уақыт алады. Бұл уақыт аралығында премьер-министр міндеттері Тереза Мэйде болмақ.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel