RU
Сайлау: Үміткерлердің теле-дебатына 41 млн теңге жұмсалады
Жаңалықтар Қоғам

Сайлау: Үміткерлердің теле-дебатына 41 млн теңге жұмсалады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өткізуге 41 миллион теңге қаражат бөлінеді деп хабарлайды ҚAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты.

"Біріншіден, біз өкілетті органға, ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне хат жазып, пікірталасты және пікірсайысты өткізуге техникалық мүмкіндігі бар, қоғамдық қамту ауқымы үлкен телеарнаны айқындауды сұраған едік.
Содан бізге "Хабар" агенттігі ұсынылды. Екіншіден, пікірталас пен пікірсайысты өткізуге 41 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. Орталық сайлау комиссиясы арнайы келісімшартқа отыруды тапсырды. Ол нақтыланатын болады", - деді ол.

Айта кетейік, 29 маусым күні Нұр-Сұлтанда президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтеді.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel