RU
Қызылордада 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Рассказать Вконтакте

Қызылорда қаласы аумағындағы Қараөзек станциясы маңындағы каналға шомылмақ болған 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті деп хабарлайды Қазақпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

2005 жылғы баланың Қараөзек стансасындағы №128 мектептің 7 сынып оқушысы екендігі хабарланды.

Осыған ұқсас жағдай Байқоңырда да тіркелді.

Қалалық №272 мектептің 2 сынып оқушысы Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, тілсіз жаудың құрбанына айналды.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 5 адам суға кеткен. Оның екеуі - бала.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержановтың айтуынша, қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді екен.

Ересектер балаларды бақылаусыз қалдырады.

Ол облыста талапқа сай келетін жағажайлар санаулы екенін алға тартты.

Облыс басшылығы тарапынан мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті басқармалар мен жергілікті әкімдерге қауіпсіздік шараларына қатаң көңіл бөліну қажеттігі міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
4
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel