RU
Қарағанды облысында 7-8 бала өсіріп отырған әкелер баспаналы болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында 7-8 бала өсіріп отырған әкелер баспаналы болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында көпбалалы 10 отбасыға 4 бөлмелі пәтер кілттері берілді. Жыл соңына дейін "Қазақмыс" корпорациясы тағы көпбалалы 36 жанұяны баспаналы етпекші деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ааааа

Видеодан алынған кадрлар. Скриншот: KAZ.NUR.KZ

Үйлі болғандардың қатарында аталған корпорацияда жұмыс істейтін жалғызбасты аналар да бар.

Шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов және "Қазақмыс" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай қатысты.

Тараптар ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойды.

Ал жиналған жұрт кілт алуға шыққан көпбалалы әкелерге ерекше қуанды.

Қоныс тойын тойлағалы отырған компания қызметкерлері арасында 7-8 бала өсіріп отырған әкелер де бар.

Бердібек Сапарбаев "Көпбалалы әкелерге көбірек баспана беру керек", - деп әзілдеді.

Министрдің айтуынша, биыл өндіруші компаниялардан алғаш болып меморандумға "Қазақмыс" корпорациясымен қол қойылып отырғанын жеткізді.

Корпорация басшысы алдағы уақытта әлеуметтік міндеттемелерді орындауға сөз берді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel