RU
"Астана су арнасы": Жұмысшыларға құдыққа түсуге ешкім рұқсат берген жоқ
Жаңалықтар Қоғам

"Астана су арнасы": Жұмысшыларға құдыққа түсуге ешкім рұқсат берген жоқ

Рассказать Вконтакте

"Астана су арнасы" бас директорының орынбасары Абылай Елжасов станция құдығында қаза болған төрт жұмысшының өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Астана су арнасы": қаза болғандар құдыққа түсуге ешкім рұқсат берген жоқ

Көрнекі фото:domoupravlenie.kz

Оның сөзінше, төрт астаналық азаматтың өмірін қиған станция қолданыстан шыққан, сондықтан жұмысшылар онда түспеуге тиіс еді. Участке басшысы рұқсат бермеген, ал рұқсатсыз құдыққа түсуге тыйым салынған.

Елжасовтың мәліметінше, құдықтарда улы газды сорып тұратын екі желдеткіш болған.

Ондай жағдайда жұмысшылар қалай әрекет етуі тиіс деген сұраққа, ол нұсқаулық бойынша түсуге болмайтынын қайтара айтты.

Марқұмдар газ талдамасын жасайтын құрылғы арқылы газдың бар-жоғын анықтап алулары керек еді. Зиянды заттардың жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін барып құдыққа газқағар киіп түсуге тиіс болған.

Елжасов марқұмдардың отбасыларына бір миллион теңге төленгенін және жерлеу рәсімінің шығындарын компания көтеретінін жеткізді.

Еске сала кетейік,. 23 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында сорғыш станциясындағы жұмыстар кезінде "Астана су арнасы" компаниясының төрт жұмысшысы көз жұмды. Қайғылы оқиға жайлы қала әкімі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
7
1
2
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel