RU
Үндістанда сауда үйі өртеніп, 19 адам ажал құшты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үндістанда сауда үйі өртеніп, 19 адам ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Гуджарат штатына қарасты Сурат қаласында төрт қабатты коммерциялық ғимарат өртенді. Оқиғаның салдарынан 19 адам мерт болды, сонымен қатар тағы бірнеше адам жарақат алған деп хабарлайды Корреспондент басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Үндістанда өрттен 18 бала қаза болды

Фото: India Today

«Қою түтін мен жалыннан қашқан адамдар ғимараттың үшінші және төртінші қабаттарынан секіріп кеткен. Олардың көпшілігі ауруханаға түсті. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады қалалық өртке қарсы күрес қызметі.

Өрттен сақтандыру диспетчерлік қызметінің өкілі тілсіз жауды ауыздықтау мен адамдарды құтқару үшін 19 өрт сөндіру техникасы мен 2 биікке көтеретін құрылғылар қолданылғандығын жеткізді.

Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Жергілікті билік өрттен қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, Гуджарат штатының басшылығы мен жергілікті билік өкілдеріне зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді міндеттеді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel