RU
"Аудитория жоқ": Ақтөбеде колледж директорлары үлкен кабинеттерін босатпай отыр
Жаңалықтар Қоғам

"Аудитория жоқ": Ақтөбеде колледж директорлары үлкен кабинеттерін босатпай отыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде кабинеттерін кірсе шыққысыз етіп безендірген колледж директорлары бар. Оқу орнында аудитория жетпей және олардың іші сын көтермей тұрғанда басшылары өздеріне жағдай жасап алған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері жанынан құралған "Адалдық алаңы" жобасы мәлімдеді.

"Кейбір колледж директорларының кабинеттері даңғарадай, демалыс және қабылдау бөлмелеріне кілем төселіп, қымбат шамдар ілінген. Қымбат жиһазбен жабдықталған, бір сөзбен айтқанда кірсе шыққысыз. Керісінше, студенттерге оқу кабинеттері жетіспей, тар аудиторияларда білім алып жатыр. Аудиториялардың ішкі жағдайы сын көтермейді",-деді жоба өкілдері.

Мамандар директорлары хан сарайындай кабинеттерде отырғанын оқу орындарының атын атады.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

"Ақтөбе музыкалық колледжі директорының негізгі кабинеті 22 шаршы метр және демалу бөлмесін 12 шаршы метр. Қосқан жағдайда тиісті шарттардан асып кетеді. Осыған ұқсас жағдайлар Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ақтөбе жоғарғы политехникалық колледжі, Есет батыр атындағы мектеп-интернат колледжі және Ойыл аграрлық колледждерінде кездеседі. Тіпті, Ақтөбе автомобильдік-жол колледжінің директоры 47 шаршы метр кабинетке еркін жайғасқан",-деді "Адалдық алаңы" жобасы өкілдері.
фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Басшылар өкілетті орган ескертуіне құлақ аспай, кең кабинеттерін студенттерге босатып беруге асықпай отыр.

"Бүгінгі күні өңірдегі 400 мектептің 281-і, қалалық бір емхана және облыстық аурухана басшыларының жұмыс бөлмелерін бірінші қабатқа көшірді. Алайда, орта кәсіптік білім беру мекеме басшылары бұл мәселеге ден қоймай отыр. Колледж директорлары комиссия шешімімен берілген тапсырманы тездетіп шешеді деп сенеміз. Басқаша жағдайда, жауапты тұлғалардың жауапкершілігі қаралатын болады",-деді жоба мамандары.
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel