RU
Димаш Құдайберген туған күнінде қарттарды қуантты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Димаш Құдайберген туған күнінде қарттарды қуантты (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген 25 жасын Ақтөбедегі ата-әжесінің қасында атап өтуде. Танымал әртіс өңірдегі қарттар үйіне баратын уақыт тапқан. Талайды тамсандырып жүрген әнші балаларын жәутеңдеп күтіп жүрген ата әжелердің алдында әнін шырқап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Аздап ауырыңқырап қалсам да ән шырқағым келіп тұр. Жаным әнді қалайды",-деді Димаш Құдайберген.

Өнер иесі қарттарға бірнеше халық әндерін орындап берді.

Әншінің анасы әлеуметтік орталыққа ұлының "Димаш шәйі" мен мал сойып апарып бергенін растады. 

Ал қариялар өз кезегінде әртіске батасын беріп алғысын жаудырды.

"Әр әншіде осындай жанды дауыс болса екен. Балам саған үлкен рахмет. Бүгінгі туған күніңмен. Бақыт, денсаулық тілейміз. Біздің Димаш әлемдегі ең әдемі адамдардың бірі. Даусыңды күт",-деді орталықта батасын берген қариялардың бірі.

Еске сала кетсек, кеше, 24 мамырда қазақтың атын әлемге танытқан қайталанбас әнші Димаш Құдайберген 25 жасқа толды.

Талайды таңдай қақтырған талантты жекеменшік мерекесімен отандық әншілер де жарыса құттықтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
3
83
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel