Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды

Опубликовано:

ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағабетовке арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды
Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды: Facebook

Іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, Алматы гарнизонының қолбасшылығы мен жеке құрамы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, аты аңызға айналған армия генералының туысқандары мен қызметтестері, әскери ЖОО-лардың курсанттары, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, әскери кафедралардың студенттері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

Биылғы жылы 25 мамырда Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 95 жасқа толар еді.

Сағадат Қожахметұлы өзін тұтастай Отанға қызмет етуге арнаған адам. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілік етуімен ол қазіргі заманғы Қазақстан Қарулы Күштерінің іргетасын қалады. Ел үшін қиын-қыстау кезеңде армияны басқарып, оның қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның жоғары беделі әскери әлеуетті сақтау мен жеке құрам арасындағы әскери тәртіпті нығайтуға септігін тигізді.

Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды
Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды: Facebook
"Сағадат Қожахметұлы тұңғыш Министр болған, болды және болып қала береді. Ол мемлекет тарихында "Халық қаһарманы" атағына ие болған алғашқы адам. Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері тарихында оған бірінші болып "армия генералы" жоғары әскери атағы берілді.
Бізбен армия генералы Нұрмағамбетовті мәңгі есте сақтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Еліміздің көптеген қалаларындағы көше атауларына оның есімі берілген. Нұр-сұлтан, Тараз, Гвардейскқүк, сондай-ақ оның кіндік қаны тамған Ақкөлде оған арналған мемориалдар тұрғызылды.
Бұл мемориал болашақ офицерлердің әскери істе тың жетістіктерге жетуде жігерлендіретін болады. Аты аңызға айналған тұлға, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов барлық қазақстандық жауынгерлер үшін үнемі үлгі-өнеге болып қалады", - деді әскери ведомство басшысы сөз сөйлеуі барысында.
Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды
Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды: Facebook

Өз кезегінде, Сағадат Қожахметұлының немересі Сауық пен қызметтесі ҰОС-қа қатысушы, Алматы облысының құрметті азаматы, Қазақстан халқы ассамбелясының мүшесі, әскери жазушы, отставкадағы полковник Леонид Гирш жүрекжарды ыстық лебізін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795930-krlyk-skerlerini-skeri-institutynda-sagadat-nrmagambetovke-arnalgan-eskertkis-asyldy/

pixel