Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік күзет қызметі өзінің қатарына жаңа сарбаздарды қабылдады

Опубликовано:

Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметке "Айбын" және "Батыр" президенттік полктеріне адамдарды іріктеп алды. Жас сарбаздар бүгін Алматыда әскери ант қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ант қабылдау сәті
Ант қабылдау сәті: Facebook

1992 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұлан қосылу жолымен 2014 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі болып құрылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне Мемлекет Басшысының, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік эталондарды күзету және мемлекеттік-протоколдық іс-шараларға қатысу жөніндегі маңызды және жауапты миссия жүктелген.

Қызметтің әскери қызметшілері ҚР Президентінің қатысуымен өтетін барлық мемлекеттік іс-шараларға қатысады, онда ҚР Президентінің ұлықтауын өткізу кезінде залға мемлекеттік атрибуттар мен Президенттік биліктің рәміздерін енгізеді, «Ақорда» Резиденциясында және ұшақ сатыларының жанында шетел қонақтарын күтіп алу, Әскери парадтарға қатысу – бұл тек әскери қызметшілердің мемлекеттік іс-шараларға қатысуының жарқын мысалы.

Ант қабылдау сәті
Ант қабылдау сәті: Facebook

Шеберлікті шыңдау және жүктелген міндеттерді орындау мақсатында әскери қызметшілер күн сайын көпсағаттық саптық жаттығулар өткізеді.

Қызметтің әскери бөлімдерінде спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін барлық жағдайлар жасалған, бөлімдердің спорттық базасы спортпен шұғылдануы үшін жеке құрамды толық қамтуға мүмкіндік береді.

Атлетикалық гимнастика, қоян-қолтық ұрыс залы, стадион жұмыс істейді. Бөлімшелерде спорттық бұрыштар құрылған, волейбол, футбол, шаңғы спорты және тағы басқа спорттық секциялар бар.

Мемлекеттік күзет қызметінде әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі тиісті деңгейге қойылған. Күн сайын әскери қызметшілер теңгерімді үш реттік тамақ ішеді. Негізгі азық-түлікпен қоса мәзірге: бал, табиғи шырын, жемістер (алма, банан, апельсин) енгізілген.

Жыл сайын әскери қызметшілер киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, ал құрмет қарауыл ротасына қызмет атқаруға түскендерге киім мен аяқ киім жеке тігіледі.

Бүгін біздің республикамыздың барлық өңірлерінен әскери қызмет атқару және Отан алдындағы конституциялық борышын өтеу үшін жаңадан қабылданған 285 сарбаз Әскери ант қабылдады.

Бұл акт ерекше әскери жоралғы болып табылады, ол әскери қызметшілерде патриотизм, Отанға және Президентке адал болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында қызмет еткені үшін мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Отанға қызмет етемін деп ант қабылдап, кешегі жас жігіт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі болады.

Қызметке үміткерлерге қатаң талаптар қойылды – бұл мықты денсаулық, бойы 180 сантиметрден жоғары, оқу және жұмыс орындарынан жақсы мінездеменің бар болуы. Үміткердің моральдық-іскерлік қасиеттеріне және дене шынықтыру дайындығына ерекше назар аударылды.

Ант қабылдау сәті
Ант қабылдау сәті: Facebook

Сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтті және бүгін өте қысқа мерзімде алған машық-дағдысын көрсетеді. Қарумен және қарусыз саптық амалдарды көрсетеді және салтанатты маршпен өтеді.

Әскери ант қабылдаған сарбаздар Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына әскери бөлімдер бойынша жөнелтіледі және сол жерде олар өздерінің міндеттерін атқаруға кіріседі, атап айтсақ: әскери даярлық, жауынгерлік және саптық машық-дағдыларын үйренуді, мемлекеттік эталондарды күзетуді, мемлекеттік-протоколдық іс-шараларға қатысуды, маңызды объектілерді күзету бойынша жауынгерлік қызметке түсуді бастайды.

Жаңа толымдауларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Объектілерді қорғау қызметінің бастығы генерал-лейтенант Мұхтар АқатұлыАюбаев құттықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795941-memlekettik-kzet-kyzmeti-zini-kataryna-zaa-sarbazdardy-kabyldady/

pixel