RU
Макгрегор жаттығу кезінде жарақат алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Макгрегор жаттығу кезінде жарақат алды

Рассказать Вконтакте

UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық спортшы Конор Макгрегор жаттығу кезінде жарақат алды. Бұл туралы аралас жекпе-жек шебері Instagram желісіндегі парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қолы бинтпен оралған спортшының суретіне желіде 1,2 млн оқырман лүпіл басқан.

Макгрегор қолын жаттығу кезінде жарақаттап алғанын, қандай қиыншылық кездескенімен мақсатына ештеңе кедергі бола алмайтынын жазды.

"Мен әрқашан соңына дейін ұмтыламын. Осындай болып тұрады. Мен тек алдыға жүремін", - деді аралас жекпе-жек шебері.

Еске сала кетсек, Макгрегор жүрісін айнытпай салған қазақстандық таэквондошының видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel