RU
Кәсіпкердің үйіне қарақшылық жасаған қылмыстық топ құрықталды
Жаңалықтар Қоғам

Кәсіпкердің үйіне қарақшылық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының Сайрам ауданында кәсіпкердің үйіне қарақшылық жасаған қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, 21 мамыр күні түнде 102 нөміріне жергілікті кәсіпкерден үйіме қарақшылар шабуыл жасады​ деген хабарлама келген.

Оқиға орнына шұғыл басқарма бастығы мен жедел-тергеу тобы жетіпті.

Жәбірленушілердің сөздеріне қарағанда қаруланған және бетперде киген белгісіз адамдардың қарақшылық шабуыл жасаған кезінде үйдің ішінде, күйеуі мен әйелі және кәмелетке толмаған үш баласы болған.

Ер азамат қарсылық көрсетіп үйдің ішінде айқай шу шыққаннан соң, қарақшылар ештеңе алып үлгерместен көліктеріне көліктеріне мініп іздерін суытқан.

"Аталмыш жайтты полиция басқармасының тергеушісі Қылмыстық кодекстің 192 бабы "Қарақшылық" бойынша СДТБТ-ге тіркеуге алды. Түркістан облысының полиция департаментінде жасалған қылмыстың қатаңдығын ескере отырып, облыстың криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінен және Сайрам АПБ-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларының арасынан арнайы топ құрды. Қылмысты ашумен қатар қылмыскерлерді ұстау үшін үш күн жұмсалады. Осы күн ішінде полицейлер көршілерден сұрақ жауап алып, маңайдың барлығын тегіс шолып​ шығып, қылмыскерлердің жолдарының барлығын зерделеді.​

Жедел-тергеу тобы қысқа мерзімнің ішінде ауыр қылмысты ашты. Бес күдіктіні полицейлер тұрғылықты мекен-жайынан Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Олардың екеуі​ Шымкент қаласының, ал қалғандары Түркістан облысының тұрғындары екендігі анықталды"- деді ведомствоның баспасөз қызметі.​ 
фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

Күдіктілердің төртеуі бұрын ұрлық пен тонау бойынша сотты болғандар болып шыққан.

Ұсталған азаматтардан екі газ пистолеті мен "Сайга 410" аңшылық мылтығы, шолақ аңшы мылтығы тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу барысында полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтай түсетін болады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
5
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel