RU
"20 жылдық": Түркістан облысында мектеп түлектері көпбалалы анаға үй сыйлады
Жаңалықтар Қоғам

"20 жылдық": Түркістан облысында мектеп түлектері көпбалалы анаға үй сыйлады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер көпбалалы анаға үй​ сыйлады. Абай мектеп лицейінің 1999 жылғы 11 сынып оқушылары 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Түркістан облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

Юсупова Назира көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдық түлектерінің бағалы сыйлығына алғысы шексіз екенін жеткізді.​ 

Ол Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрғанын алға тартты.

Назира қазіргі уақытта бала күтімімен үйде отырғанын да атап өтті.

Айта кетейік, бұндай игі іс Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ.

Былтыр осы Абай мектеп лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері де 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үй сыйға тартқан болатын.

Қайырымдылық шарасы 20 жылдық түлектер арасында дәстүрге айналуда.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
2
1
40
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel