RU
"Көңілім босап кетті": Максим Галкин "Голос. Дети" шоуының финалы туралы пікір білдірді

"Көңілім босап кетті": Максим Галкин "Голос. Дети" шоуының финалы туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ресейлік тележүргізуші Максим Галкин "Голос. Дети" шоуының қайта өткізілген ақтық кезеңіне байланысты пікірін білдірді. Оның видеосы Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Instagram/maxgalkinru

Видеодан кадр: Instagram/maxgalkinru

Галкин байқаудың барлық қатысушысын жеңісімен құттықтап, "Бірінші арнаның" дұрыс шешім қабылдағанына қуанышты екенін жеткізді. 

"Көрермен ретінде айтсам, әділ көңілімді босатты", - деді ол.

Тележүргізуші балалардың ерекше өнер көрсеткенін де атап өтті.

Галкин "Бірінші арна" бұл даудан шығудың жолын тапқанын алға тартты.

"Голос. Дети" бағдарламасына нағыз эмоциялар үшін алғыс білдіремін", - деді ол. 

Еске сала кетсек, қазақстандық әнші Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды.

Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған еді.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалар әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ, отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

16 мамырда Бірінші арнаның сайтында байқаудың нәтижелері жойылатыны жайлы ақпарат пайда болды.

Ал кеше өткен шоудың арнайы шығарылымында финалистердің барлығы жеңімпаз деп танылып, бір миллион рубльге ие болды.

Олардың қатарын да Ержан Максим де бар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel