Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында мектеп түлектері алты балалы анаға үй сыйлады

Опубликовано:

Түркістан облысы Шардара қаласында орта мектепті он жыл бұрын бітірген түлектер алты балалы анаға пәтер кілтін тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Шардара аудандық әкімдігі
Фото: Шардара аудандық әкімдігі: Facebook

"Шардара" мектеп-лицейін 2008-2009 жылы бітірген түлектер "Қарекет" қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, 6 баласы бар жалғызбасты ана Эльмира Жаңбыроваға 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Бұған дейін пәтер жалдап күнелтіп, тұрмыс тауқыметін тартып келе жатқан Жаңбыровтар отбасы өздеріне жасалған мұндай тартуға риза болып, шын жүректен алғыстарын білдірді.

Рамазан айында жасалған сауапты іске қатысқан ардагер ұстаз, "Абай" мөлтекауылының биі Жамал Төлешова бастаған ұстаздар қауымы  баспаналы болған отбасының қуаныштарына ортақтасып, жаңа қонысқа шашуларын шашты.

Фото: Шардара аудандық әкімдігі
Фото: Шардара аудандық әкімдігі: Facebook
"Шардара ауданы бойынша биылғы жылы көп балалы отбасыларын қолдауға айрықша көңіл бөлініп отырғанын айтуымыз керек"-деп мәлімдеді аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795961-trkistan-oblysynda-mektep-tlekteri-alty-balaly-anaga-j-syjlady/

pixel