Қарағандыда батут құлады: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Қарағандыда батуттың аударылуынан зардап шеккен екі бала түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
"11 жастағы бала сағат 17:23- те көз жұмды.
Ауруханаға түскендер қатарына 2012 жылы туған қыз тіркелді. Ол қызда іштің сыздап ауруы, көкбауырдың гематомасы, қабырға сынуы, бас миының шайқалуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты бар.
Ал 2004 жылы туған баланың иығы, кеудесі және саны сынған.
2004 жылы туған үшінші балада саусақ жарасы бар. Ол амбулаториялық емдеуге жіберілді", -деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспсөз қызметінде.
Осылайша, ауруханада екі бала ем алып жатқаны белгілі болды.
Төтенше жағдай орнында Жедел жәрдемнің бес бригадасы мен "Катастрофа медицинасы" орталығының бес бригадасы келіп жеткен.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
0
0
Тағы да оқыңыздар