RU
Қарағандыда батут құлады: Қала билігі көз жұмған баланың жанұясына көмектеспек

Қарағандыда батут құлады: Қала билігі көз жұмған баланың жанұясына көмектеспек

Рассказать Вконтакте

Қарағанды әкімдігі батуттың аударылуы салдарынан көз жұмған баланың жерлеу рәсімін өткізуге көмек көрсетеді. Одан бөлек, қала билігінің назарынан жарақат алған балалар да тыс қалмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Қала басшысы Нұрлан Әубәкіров Орталық саябақта көз жұмған баланың жанұясына барып, көңіл айтты. Әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетеді", -деді әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Аударылған батуттан зардап шегіп, ауруханаға түскен балалар да назардан тыс қалмаған. Оларға Қарағанды әкімі орынбасары Ирина Любарская мен білім бөлімінің басшысы Гүлсім Қожахметова барды.

Полиция төтенше жағдайды тергеумен айналысып жатыр. Іс ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету" бойынша жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel