RU
Күрес: Нұрғожа Қайпанов Италиядағы халықаралық турнирде топ жарды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Күрес: Нұрғожа Қайпанов Италиядағы халықаралық турнирде топ жарды

Рассказать Вконтакте

Италияның Сассари қаласында еркін және әйелдер күресінен Sassari City MAtteoPellicone Memorial халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық еркін күрес шеберлері жалпы есебі жеті медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Жақында ғана Азия чемпионатында топ жарған Нұрғожа Қайпанов Италияда да қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол 70 келіде жеңімпаз атанды.

Ал Расул Қалиев (61 келі), Данияр Қайсанов (74 келі, Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Азамат Дәулетбековтер (86 келі) күмісті қанағат тұтты. 

Саятбек Оқасов (65 келі) пен Олег Болтин (125 келі) қола жүлдегерлер қатарында. 

Қыздар арасындағы сында Айна Теміртасова (65 келі) мен Жәмила Бақбергенова (72 келі) үздік үштікке енген. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel