RU
ТЖ саябақтарды басқару әкімшілігі батуттың құлауына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

ТЖ саябақтарды басқару әкімшілігі батуттың құлауына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Саябақтарды басқару әкімшілігі 11 жастағы баланың өліміне себепкер болған батуттың иесіне қатысты айтқан пікірінде азамат саябаққа жасырын кіріп, батутты заңсыз орналастырғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото instagram.com/shock_krg

Фото instagram.com/shock_krg

"Мәдениет, демалыс саябақтары және скверлер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңгері батуттың иесі оны сүйреп әкеліп, артынан ішіне ауа толтырғанын айтады.

Екі қабатты үйдің қабатындай батутты байқамау мүмкін емес. Мұны мойындаған заңгер жұмысшылардың батутты сағат түскі үшке қарай аңғарғанын жеткізді.

"Оларға біздің қызметкерлер барып, алып тастауды сұрады. Бірақ, ол келісімшарттың бар екенін алға тартты. Алайда, өзімен бірге алмағанын айтып, көрсетуден бас тартты. Біз оның сөздерін тексердік, жалған болып шықты", -деді мемлекеттік мекеменің заңгері Ержан Тұрымбаев.

Заңгердің айтуынша, батуттар аттракциондар болып есептелмейді және оларды құрастыруға аса қатта талаптар қойылмаған.

"Бұл дұрыс емес. Батуттар аттракциондарға сәйкестендіріліп, оны құруға арнайы талаптар қойылу қажет",- деді мекеме өкілі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel