Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист, құқық қорғаушы Розлана Таукина дүниеден өтті

Опубликовано:

Белгілі журналист, құқық қорғаушы Розлана Таукина 60 жасында өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында қоғам белсендісі Бақытжан Төреғожина жазды.

Белгілі журналист, құқық қорғаушы Розлана Таукина дүниеден өтті
Розлана Таукина. Фото: Facebook Вадим Борейко: UGC
"Менің жарқын адамым, Розлана Таукина! Барлығына өмірге деген құштарлық пен позитив сыйладың! Сен адамдарды қолдайтын едің, жақсы көріп, оларға үміт пен қуаныш сыйлап келдің! Әлі сене алар емеспін. Қош бол!", - деп жазған ол.

Желіде белгілі журналистің қазасына әріптестері мен таныстары көңіл айтып жатыр.

Розлана Таукина 1959 жылы Оралда дүниеге келген. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмамдаған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған.

Розлана Таукина «Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымында тілші болып, «Трибуна. Қазақстан коммунисті» қоғамдық-саяси газетінде бас редактор қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796064-belgili-zurnalist-kkyk-korgausy-rozlana-taukina-dnieden-tti/

pixel