RU
"Ыңғайсыз қарсылас": Елеусінов соңғы жекпе-жегі туралы пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Ыңғайсыз қарсылас": Елеусінов соңғы жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов соңғы кездесуінде Луис Норамбуэнді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты. Отандық спортшы қарсыласы және жекпе-жекке дайындығы туралы айтып берді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық боксшының сөзінше, соңғы қарсыласы ол үшін өте ыңғайсыз болған.

Былғары қолғап шебері барлық қарсылас ыңғайсыз болатындығын, бірақ солардың арасында қисынға келмейтіндері де болатынын айтты.

"Дәл сондай жұдырықтасуға қолайсыз спортшы тап болды", - деді Елеусінов.

Қазақстандық боксшының айтуынша, Луис Норамбуэннің бойы өте төмен болған.

Елеусінов басқа қарсыласқа дайындалғанын жеткізді. Алайда боксшының аты мен жекпе-жек күні "жүз рет" өзгергенін де атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel