RU
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары кеуде тұсынан пышақ жарақатын алды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары кеуде тұсынан пышақ жарақатын алды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров торт кесіп жатып кеуде тұсынан пышақ жарақатын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алмас Айдаров. Фото: Facebook желісіндегі жеке парақшасы

Алмас Айдаров. Фото: Facebook желісіндегі жеке парақшасы

Бұл ақпаратты шенеуніктің өзі Facebook желісіндегі парақшасында растады.

Ол аталған оқиға барысында қылмыстық іс жоқ екенін, жарақатты тұрмыстық жағдайда алғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Алмас Айдаров денсаулығы үшін алаңдаған барлық жанға алғысын білдірді.

"Менде бәрі жақсы. Күнделікті үй жарақаты. Кешкісін байқаусызда өзімді жарақаттап алдым. Қан тоқтамаған соң, таңды күтпей-ақ, жедел жәрдем шақыруға тура келді", - деді ол әлеуметтік желіде.

Полицияның барлау жөніндегі есебінде дәрігерлер 26 мамырда таңғы сағат 5-те ер азаматтың үйіне келгені айтылды.

Оның жарақатты байқаусызда алғаны, ешкімге кінә артпайтындығы да тіркеліпті.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары дәрігерлерге торт кесіп жатып пышақ жарақатын алғанын хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel