Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуін тұңғыш ұлынан қызғанатынын айтқан келіншек жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Есімін жасырын қалдыруды ұйғарған келіншек Instagram желісіндегі anonymous_forum парақшасына өз басындағы мәселесін жазып, жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, ол ажырасқан ер азаматпен көңіл жарастырған. Алайда сүйгеніне тұрмысқа шыққан әйел жарын тұңғыш ұлынан қызғанатынын айтып, мұңын шақты деп хабаралйжы KAZ.NUR.KZ.

Фото: korysno.pro
Фото: korysno.pro: UGC

Келіншек ажырасқан, баласы бар ер адаммен көңіл жарастырып, ата-анасының қарсыласына қарамастан сүйгеніне тұрмысқа шыққан. Алайда бос уақытын тұңғышымен өткізгенді жөн көрген ер азаматтың әрекеттері кейіпкерге жақпай қалған. Оның сөзінше, күйеуі тіпті екінші рет әке атанатынына қунбаған екен.

"Күйеуімнің ажырасқанына, ұлы барына қарамастан оған тұрмысқа шықтым. Алайда менің ата-анам "туған-туыстардан ұят болады" деп бұл некеге ұзақ қарсыласты. Мен оның ұлын үйге әкеп жүруіне қарсы болмадым. Ұзақ уақыт өтпестен өзімнің жүкті екенімді білдім. Қуанышымда шек жоқ. Ал жұбайым болса бұл хабарға дәл мен секілді қуана алмады. "Қызды асырау қиын, болашақ үшін уайымдаймын" деді. Бір кезде оның біреумен сөйлесіп тұрғанын көрдім. Кім екенін сұрасам, заңгер деді. Ол тұңғыш ұлын өзіне алмақ болған екен. Мұндай шешімді менің келісімімсіз қабылдағанына іштей ренжігеніммен, қасарысқаным жо", - деп жазды ол.

Сондай-ақ келіншек күйеуінің қалтасын соқпас үшін жүктілік кезінде қалағанын жей алмай, өз-өзін жиі шектеген екен.

"Сөйтіп ол ұлын әр демалыс сайын үйге әкелетін болды. Қаржылық жағдайымыз мәз емес, бірақ оның ұлы үйімізге келсе, әлдеқайдан ақша табыла қояды. Күйеуім оған қымбат ойыншықтар, жеміс-жидектер алып келеді. Ал мен жүктіліктің төртінші айында жүріп қалағанымды жей алмайтынмын".
"Оның ұлы бәрінің көзінше мені "мама" деп, ешкім жоқ кезде "тәте" деп атайды. Ал енем болса әлі күнге дейін мені бірінші келінінің атымен атайды. Бала босанғаннан кейін жұбайымның ұлы әкесін қызымнан қызғанатынды шығарнды. Ал күйеуімнің ата-анасы қызымыздың түрі маған ұқсаған, ал ұлы аумаған әкесі деп тұңғыш немерелерін жақсы көретін", - деп жазды келіншек.

Келіншек босанғаннан кейін баланың үйге сирек келе бастағанын, ал кейін мүлде келмей кеткенін байқаған. Оның сөзінше, ол бұл үшін өзін кінәлі сезінеді екен.

"Қазір қызым біраз өсіп қалған соң әкесіне ұқсап барады. Енді оны бәрі жақсы көре бастады. Алайда күйеуім ұлын үйге ертіп әкелуді қойды. Сол үшін өзімді кінәлі сезінемін. Бір жағынан жұбайымды баласын қызғанамын. Алайда әкесі мен ұлының арасы ажырағанын қаламаймын. Не істесем болады?", - деп жазды кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796104-kjeuin-tgys-lynan-kyzganatynyn-ajtkan-kelinsek-zan-syryn-aktardy/

pixel