RU
"Халық барысы": Алматылық 25 жастағы балуан жігіт 9 млн теңге жеңіп алды
Жаңалықтар Қоғам

"Халық барысы": Алматылық 25 жастағы балуан жігіт 9 млн теңге жеңіп алды

Рассказать Вконтакте

Алматыда өткен "Халық Барысы" республикалық турнирінде оңтүстік астананың намысын қорғаған Нұралинов Дәурен жеңімпаз атанып, тоғыз миллион теңгеге ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шара мәдениет және спорт министрлігі, қазақ күресі федерациясы және "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Спорттық сайысқа мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы Ж.Үшкемпіров, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, қазақ күресі федерациясының президенті А.Шораев мырзалар қатысты.

Мереке барысында "Алашұлы", "Ұлытау", "Тұран", "Алдаспан" топтары өнер көрсетті.

Республиканың түкпірінен жиналған 1000-ға жуық балуан жарыстың бірінші күні іріктеу кезеңінен өтті. Ал турнирдің екінші күні 32 балуан өзара күш сынасты.

Нәтижесінде бірінші орынды Нұралинов Дәурен жеңіп алып, 9 млн теңгені қалтасына салды. Оның жатықтырушысы Қиқымов Мақсатқа 1 млн теңге табысталды.

Екінші орынды Қостанайлық балуан Жиентаев Талғат иеленіп, 4,5 млн ұтты. Оның бапкері Жиентаев Тоқтарға 500 мың теңге берілді.

Жамбыл облысының спортшысы Қырықбаев Ғалымжан үшінші орынды місе тұтып, 2,7 млн теңгені қанжығасына байлады. Жатықтырушысы Ақбергенов Бахтияр 300 мың теңге алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel