RU
Жігер Ауыпбаев Жанар "лақтырып кеткен" жас әнші жігітті жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жігер Ауыпбаев Жанар "лақтырып кеткен" жас әнші жігітті жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Жігер Ауыпбаев "Астарлы ақиқат" бағдарламасында дауласқан Жанар Хамитова мен Әбубәкір Ужазовтың жанжалына қатысты пікір білдірді. Әнші эфирге толық үйренбеген жігітті жан-жағынан жұлмалаған әріптестеріне шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жігер Ауыпбаев, Жанар Хамитова, Әбубәкір Ужазов. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жігер Ауыпбаев, Жанар Хамитова, Әбубәкір Ужазов. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жігер Ауыпбаев жас жігітке қолдау білдірген жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Бұл жағдайды бір досымның Instagram парақшасынан көріп қалып, YouTube желісінен екі сериясын толық көріп барып, пікір қалдырғым келіп отыр. Пиар ма? Шынайылық па? Ол жағында шаруам жоқ. Бұл Абу деген жігітті өз басым танымайды екенмін. Сонда да қарап отырып жаным ашып кетті.
"Өнерге қайтсем үлес қосамын, қайтсем халыққа танылып, қошеметіне ие боламын?" деп талпынып жүрген. Осындай атышулы үлкен бағдарламаларда отырып, сұхбат беруге әлі де еті үйренбеген байғұс бала, бір топ аш қасқырлардың арасына түскен қозыдай күйде қалыпты", - дейді Жігер Ауыпбаев.

Осыдан кейін әнші Әбібәкір Ужазовтың абыройын шашқан Жанар Хамитованың ісіне де қарсылығын білдірді.

"Менің ойымша, Әбудың Жанарға тарының түйіріндей жақсылығы өткен болса, кемсітіп абыройын шашудың орнына "болам деген баланың бетін қақпай белін буып", "жамандығын жасырып,жақсылығын асырып", өнеріне қолдау көрсету керек еді. Халықтың алдында мерейін үстем қылып, демеп жіберу керек еді. Экранның бергі жағында отырған халыққа айдан анық көрініп тұр. Қиналып жүрген, жағдайы анау айтарлықтай мәз емес бала екені де белгілі болып тұр", - деді әнші.

Сондай-ақ әнші жас жігіттің болашағы әлі алда екенін де жасырмады.

"Әбу бауырым! Жасыма! Сен Жанарға шынайы қолдау көрсетіп келгенің көрініп-ақ тұр. Әттең ойыңды толық жеткізуге мүмкіндік бермепті. Еңбектене бер. Талма! Сен әлі-ақ жарып шығасың! Керісінше, осы шуды өз пайдаңа қолданып әндеріңді шығара бер. Даусың да жағымды. Бойыңда қазақылық тәрбие бар. Тек алға! Алла өнеріңе береке беріп, халықтың алдындағы абыройың арта берсін!
Жанарға да сәттілік! Алла басына берген сынақты жеңілінен қылғай. Жанардың дауысын ұнататын жанның бірімін. Тек алға! Бір айтарым, халықтың ықыласы өте ыстық. Күйіп қалудан сақтану керек", - деп жазбасын аяқтады Жігер Ауыпбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жанар Хамитованың отандық бағдарламада Әбубәкір Ужазовқа шүйліккені жайлы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
3
28
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel