RU
"Күнде ұрыс": Бүркіт жұбайы Аишамен қарым-қатынасы қалай болғанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Күнде ұрыс": Бүркіт жұбайы Аишамен қарым-қатынасы қалай болғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның отау құрғандарына биыл тоғыз жыл болған. Әнші жұбайымен шаңырақ көтермей тұрып, екеуі күнде жанжалдасып қалатынын айтып, құпиясымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің айтуынша, отбасын құрғаннан кейін олар тату-тәтті өмірді бастап кеткен.

"Ең қызығы, біз үйленгенше күнде ұрысатынбыз. Кейде тіпті бір-бірімізге артық сөз айтуға қорқатынбыз.

Өйткені, болмайтын нәрсеге де арамызда жанжал шығып кететі. Ара-қатынасымыз қиындап кеткен.

Алайда шаңырақ көтергеннен кейін арамызда бейбітшілік пен келісім орнады. Ұрысуды мүлде қойдық.

Кейде ыдыс-аяқ сылдырлап тұрады. Бірақ оның өзі 5-10 минутқа созылады. Шүкір! Осылай тоғыз жыл өтті. Әр отбасыға тыныштық пен махаббат тілеймін", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Бүркіт пен Аиша бүгінде екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз
9
2
0
2
1
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel