RU
Толықтығы үшін құрдастары мазақ қылған ару 18 келі салмақ қосып алды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Толықтығы үшін құрдастары мазақ қылған ару 18 келі салмақ қосып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Англияның Лондон қаласының 23 жастағы тұрғыны Николь Херринг артықұ салмағы үшін айналадағылардың сынына қалып, құрдастарынан опық жеген. Алайда ол қалыптасқан қағидаларды бұзбақ болып, арықтаудың орнына 18 келі салмақ қосып алған. Ару бүгінгі таңда үлкен өлшемді сәнқойлардың бірі және оның әлеуметтік желідегі парақшасында миллионға жуық оқырман бар деп хабарлайды life.ru деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото © Instagram

Фото © Instagram

Николь мектеп күнінде артық салмағы мен безеулері үшін құрдастарынан мін естіп, жиі күлкіге қалатын.

Бойжеткен тұйықталып, айтылған сөздерді тәттілер жеп ұмытуға тырысады екен. Алайда күндердің бір күнінде ол спортзалға жазылып, өмірін өзгертпек болады.

Көп ұзамай Николь өзін осы қалыпта жақсы көретінін, мүсінінің әсем екенін түсінеді. Бойжеткен бірнеше жылда 18 келі қосып, сәнқой болып жұмыс істей бастайды.

Instagram-нан жеке парақша ашып, салмақ қосу нәтижелерімен бөлісіп отырады. Бойжеткеннің қызықты парақшасы оқырмандарды тарта бастайды.

"Мен басқалардың сөзін елемеу керек екенін түсіндім. Қаншалықты жақсы болсам да, бәрін дұрыс істесем де, мені қолдамайтын жандар табылады. Бірақ бұл менің өмірім, мен өзім үшін жақсы нәрселерді жасауым керек", - дейді Николь.

Бойжеткен аптасына алты рет спортзалға барып, дұрыс тамақтанады. Николь ендігәрі арықтағысы келмейді. Ол өз мүсініне дән риза.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel