RU
Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев боксшының алдағы жекпе-жегі туралы айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

"Мен промоутерлермен сөйлестім, жекпе-жек 27 шілдеде болады. Оның қайда өтетінін әзірше білмеймін, бірақ Даниярдың осы күні рингке оралатыны анық", - деді Алиев.

"Боксшы Нью-Йорк немесе Калифорнияда жекпе-жек өткізгісі келе ме?", - деген сұраққа да менеджер жауап берді.

"Иә, онда тұратын қазақстандықтар баршылық. Бұл оның танымал жұлдызға айналуына тамаша платформа болатын еді. Даниярдың ол жақта кездесу өткізгісі келеді", - деді Зия Алиев.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби мансабында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол 25 мамыр күні Луис Норамбуэнмен Оксон Хиллда кездесу өткізіп, төрешілердің шешімімен ұтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel