RU
Қарағандыда саябақта қаза тапқан бала батутта ойнамаған болып шықты

Қарағандыда саябақта қаза тапқан бала батутта ойнамаған болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда орталық саябақта қаза тапқан 11 жасар Борис Рудаковтың қатты жел салдарынан аударылып қалған батутта ойнамағаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/shock.aktau

Видеодан кадр: instagram.com/shock.aktau

Бұл туралы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева мәлімдеді.

"Марқұм болған балақай батут ішінде ойнамаған. Ол оның қасында тұрған. Ол батут соққысынан аударылған киосктің жанында болыпты. Саябақта бірқатар ережелер сақталмаған" , - деді Сәуле Айтпаева.

Анықталғандай, құрамына тәртіп сақшылары мен жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері кірген комиссия тоғызы мен 11 мамыр аралығында саябақта тексеріс жүргізген. Олар аттракциондар мен батуттардың қауіпсіздігін тексеріп шықты.

Тексеріс нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Балалар құқығы жөніндегі уәкілдің сөзінше, жергілікті орындаушы органның бірде-бір қызметтік өкілі бұған қатысты тиісті шара қолданбаған.

11 жасар Борис Рудаков ертең жерленеді. Оның жерлеу рәсіміне қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді Қарағанды әкімдігі өз мойнына алды.

Айта кетейік, 25 мамыр күні Қарағандыдағы орталық саябақта сағат 17:00 шамасында қатты жел соғып, нәтижесінде батут адарылды. Оқиға салдарынан екі бала жарақат алып, біреуі қаза тапты.

Желіде қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео тарап кетті.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 306 бабы үшінші бөлімі "Адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарға сай келмейтін қызмет көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бала өліміне себепші болған батуттың иесі тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. 40 жастағы азамат Абай ауданының жедел өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шықты.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel