RU
Рамазанда үйленуге болмайтыны қаншалықты рас?
Жаңалықтар Қоғам

Рамазанда үйленуге болмайтыны қаншалықты рас?

Рассказать Вконтакте

Жұрт ораза айында үйленуге болмайды деп жатады. Бұл қаншалықты рас? Рамазанда үйленбеудің себебі неде? Бұл сұраққа muslim.kz сайты жауап береді.

Фото: muslim.kz

Фото: muslim.kz

"Рамазанда үйленуге болмайды" деген сөз жастардың өздерін тыя алмай, оразасын бұзуы ықтималдығы болғандықтан айтылған. Ал бір күн оразасын бұзған жан оның өтемін 60 күн ораза тұтумен қайтарады. Міне, сондықтан өзін тыя алмайтын жастарға Рамазан айы аяқталған соң үйленген жөн.
Рамазанда үйленуге шариғат тұрғысынан ешбір кедергі жоқ. Ескеретін жайт, неке қиған соң күндіз дастархан жайып, тойлауға тыйым салынады. Өйткені, оразаның басты үш талабы: таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтанудан, сусын ішуден және жыныстық қатынастан тыйылу. Ал оразаны бұзбайтын іс-әрекетке рұқсат етіледі", - деп жазады басылым.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
2
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel