RU
Луина 32 жасын дүркіретіп тойлады (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Луина 32 жасын дүркіретіп тойлады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Әнші Луина 32 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Әншінің қуанышына өнердегі әріптестері жиналып, туған күнді нағыз концертке айналдырып жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

32 жасын Луина Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Әншіні туған күнімен құттықтап келген қонақтар караокемен ән салып, биден шашу шашты.

Әншіні құттықтап келгендердің қатарында Жәния Джуринская, Сая Оразғалиева, Дана Исеева, Мейіржан Түребаев, Айнұр Нұрсейітова, Айдай Исаева, Анар Батырхан, Кентал, Марат Оралғазин және тағы да басқа шоу-бизнес өкілдері бар.

Олар туған күн кешінде түсірілген суреттермен және видео материалдармен өз парақшаларында белсенді түрде бөліскен.

Айта кетейік, туған күн кешіне жұлдызды қонақтардың басым көпшілігі ақ түсті киіммен келсе, туған күн иесі қызыл көйлекті таңдаған.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel